ТАҚЫРЫП 1. ӨСІМДІК ЖАСУШАСЫНЫҢ ҚҰРЫЛЫМДЫҚ-ҚЫЗМЕТТІК ҰЙЫМДАСУЫ

СТУДЕНТТЕРДІҢ ОҚЫТУШЫНЫҢ ЖЕТЕКШІЛІГІМЕН ӨЗДІК ЖҰМЫСТАРЫ

ТАҚЫРЫП 1. ӨСІМДІК ЖАСУШАСЫНЫҢ ҚҰРЫЛЫМДЫҚ-ҚЫЗМЕТТІК ҰЙЫМДАСУЫ

Тапсырма №1. «Өсімдік жасушасы» тақырыбында сөз жұмбақ құрастырыңыз.

СОӨЖ өткізу түрі: сөз жұмбақ құрастыру.

Әдістемелік нұсқаулар: сөз жұмбақты құрастыру кезінде ұсынылған әдебиет көздерін, сонымен қатар «Өсімдік жасушасы» тақырыбына қатысты терминдер мен түсініктерді қолданыңыз. Мысалға, жасуша қабықшасы, вакуоль, митохондрия және т.б. терминдерді қолданыңыз. Сөз жұмбақтардың бірнеше нұсқаларын пайдаланыңыз: жұмбақсөздер, сканвордтар, чайнвордтар, ребустар және т.с.с. С ТАҚЫРЫП 1. ӨСІМДІК ЖАСУШАСЫНЫҢ ҚҰРЫЛЫМДЫҚ-ҚЫЗМЕТТІК ҰЙЫМДАСУЫөз жұмбақ, дәптерде қойылған сұрақтарына берілген жауптары белгіленіп, көрсетілуі тиіс.

Тапсырма №2. Ұсынылып отырған суреттегі өсімдік жасушасының құрылымдық бөліктерінің сәйкес белгілерін белгілеңіз.

СОӨЖ өткізу түрі: суретпен жұмыс істеу.

Әдістемелік нұсқаулар: өсімдік жасушасының құрылымдық бөліктерін белгілеу барысында Н. И. Якушкинаның «Өсімдіктер физиологиясы» атты оқу құралын қолданыңыз [1]. Берілген 1-суреттен жасушаның келесі құрылымдық элементтерін анықтап көрсетіңіз: плазмалық мембрананы, қосылыстарды, хлоропласттарды, митохондрияларды, вакуоль, рибосомалар, жасуша қабықшасын, лизосомаларды, ядроны, цитоплазманы, Гольджи аппаратын, эндоплазмалық ретикулумды (тегіс немесе бүдірлі ЭПР) [2].

1-сурет. Өсімдік жасушасы

1 - ..., 2 - ..., 3 - ..., 4 - ..., 5 - ..., 6 - ..., 7 – Гольджи аппараты, 8 - ..., 9 - вакуоль ТАҚЫРЫП 1. ӨСІМДІК ЖАСУШАСЫНЫҢ ҚҰРЫЛЫМДЫҚ-ҚЫЗМЕТТІК ҰЙЫМДАСУЫ, 10 - ....., 11 - ……

Тапсырма №3. 1-кестені толтырыңыз: «Прокариоттар мен эукариоттар жасушаларының салыстырмалы сипаттамасы».

СОӨЖ өткізу түрі: кестені толтыру.

Әдістемелік нұсқаулар: берілген кестені толтыру кезінде ұсынылған әдебиет көздерінің кез келгенін қолданыңыз. «Өкілдері» деген бағананы толтырғанда прокариоттар мен эукариоттар тобына жататын организмдерді жазыңыз. «Ұқсастықтары» деген бағанада прокариот және эукариот жасушаларының ұқсас құрылымдық элементтерін сипаттаңыз. «Айырмашылықтары» деген бағананы толтырған кезде прокариот жасушаларының эукариот жасушаларынан өзгешеленетін белгілерін толтырыңыз.

Мысалға:

1 кесте

Прокариоттар мен эукариоттар жасушаларының салыстырмалы сипаттамасы

Жасуша Өкілдері Ұқсастықтары Айырмашылықтары
Прокариоттар Бактериялар Генетикалық материалдың, рибосомалардың ж ТАҚЫРЫП 1. ӨСІМДІК ЖАСУШАСЫНЫҢ ҚҰРЫЛЫМДЫҚ-ҚЫЗМЕТТІК ҰЙЫМДАСУЫәне т.б. болуы Вакуолі болмайды, тыныс алу процесі мезосомаларда өтеді және т.с.с.
Эукариоттар Жоғары сатыдағы өсімдіктер Ядросының, митохондриялардың және т.б. болуы

Тапсырма №4.Ядроның, эндоплазмалық тордың (тегіс және бүдірлі ретикулум), Гольджи аппаратының, лизосомалардың, вакуольдің, митохондриялардың, хлоропласттың қызметтерін сипаттаңыз.



СОӨЖ өткізу түрі: кестені толтыру.

Әдістемелік нұсқаулар: бұл тапсырманы орындаған кезде ұсынылған әдебиет көздерінің кез келгенін қолданыңыз. Берілген тапсырманы, келесідей орындауға болады, мысал ретінде 2-кесте күйінде ұсыну, онда органоидтардың негізгі қызметтері көрсетілуі тиісті.

2 кесте

Жасушаның құрылысы мен органоидтардың қызметі

Жасушаның құрылымдық элементтері ТАҚЫРЫП 1. ӨСІМДІК ЖАСУШАСЫНЫҢ ҚҰРЫЛЫМДЫҚ-ҚЫЗМЕТТІК ҰЙЫМДАСУЫ Қызметтері
Ядро Тұқым қуалаушылық ақпаратты сақтау
Эндоплазмалық ретикулум: тегіс бүдірлі
Гольджи аппараты
Лизосомалар
Вакуоль
Митохондриялар
Хлоропласт

Тапсырма №5. Ұсынылған 2-суреттің негізінде 3-кестені толтырыңыздар:

3 кесте

Өсімдік және жануар жасушасының салыстырмалы сипаттамасы

Жасуша Ұқсастықтары Айырмашылықтары
Өсімдік
Жануар

СОӨЖ өткізу түрі: кестені толтыру, суретпен жұмыс істеу.

Әдістемелік нұсқаулар: берілген 3-кестені толтыру барысында ұсынылған әдебиет көздерін қолданыңыз. Ұсынылып отырған 2-суреттің [3] негізінде кестені Сіз келесідей толтыра аласыз: «Ұқсастықтары» деген бағанада, мысал ретінде, Гольджи аппаратын, эндоплазмалық торды көрсетіңіз. «Айырмашылықтары» деген бағананы толтырған кезде ТАҚЫРЫП 1. ӨСІМДІК ЖАСУШАСЫНЫҢ ҚҰРЫЛЫМДЫҚ-ҚЫЗМЕТТІК ҰЙЫМДАСУЫ жануарлар жасушасына тән өзіндік ерекше құрылымдық элементтерді, мысалға центриольдерді, ал өсімдік жасушасы үшін хлоропластты белгілеңіз.

Жануар жасушасы
Өсімдік жасушасы

2-сурет. Өсімдік және жануар жасушаларының құрылымдық ерекшеліктері

Негізгі әдебиет: (1, 4, 9, 11-13)

Қосымша әдебиет: (7, 10 ,12, 13, 15, 24-30)


documentbaotjun.html
documentbaotrev.html
documentbaotypd.html
documentbaoufzl.html
documentbaounjt.html
Документ ТАҚЫРЫП 1. ӨСІМДІК ЖАСУШАСЫНЫҢ ҚҰРЫЛЫМДЫҚ-ҚЫЗМЕТТІК ҰЙЫМДАСУЫ